Жамбыл облысы, Отар елді мекенінде әскери борышын өтеп жүрген қатардағы сарбаз Есбол Қапардың денсаулық жағдайы туралы жаңа мәліметтер жарияланды, деп хабарлайды Alash.kz.
Адвокат Ғабит Өмірбековтың айтуынша, сарбаздың жағын сындырғандарға қатысты қылмыстық іс сотқа жолданған. Қазіргі таңда іс бойынша тиісті процессуалдық шаралар жүргізілуде.
Бұған дейін Отардағы әскери бөлімде қызмет атқарып жүрген Есбол Қапар ауыр жарақат алып, оның ішінде жақ сүйегінің сынғаны хабарланған еді. Оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырып, әскери бөлімдердегі қауіпсіздік мәселесін қайта көтерді.
Қорғаушының мәліметінше, жәбірленушінің жағдайы бақылауда, ал кінәлілер заң алдында жауап беруге тиіс.