Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"100 мың берсе де, 100 миллион берсе де өздері біледі". Жазира Байырбекова той туралы әңгімені тағы қозғап, қалың малға қатысты пікір білдірді

21:30, 17 сәуір 2026

Белгілі әнші Жазира Байырбекова әлеуметтік желіде келініне берілген қалың мал көлеміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Alash.kz. 

Өнер иесінің айтуынша, бұл мәселе қоғамда осыншалықты қызу талқыланады деп күтпеген. Ол құдалар арасында қаржылық талаптар мен нақты келісімдер болмағанын ерекше атап өтті.

«Келінімізге берген қалың мал көлемі мұндай әңгімеге айналады деп ойламадым. Құда-құдағиымызбен арамызда “кім қанша әкелді” деген сияқты ақшаға қатысты ешқандай келісім болған жоқ. Әрқайсымыз сыйлығымызды өз қалауымызбен, шын көңілмен жасадық», – деді әнші.

Сонымен қатар, ол қалың малды ақшаға балап бағалауға қарсы екенін жеткізді.

«Әр ата-ана үшін ұл да, қыз да – баға жетпес. Сондықтан оны ақшамен өлшеу дұрыс емес. 100 мың берсе де, 100 миллион берсе де – бұл жігіт жақтың өз шешімі. Ал қыз жақтың қалың мал сұрап, аз берілсе ренжуі – түсініксіз. “Теңін тапса, тегін бер” деген сөз бекер айтылмаған», – деп жазды Жазира Байырбекова.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар