Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"АҚШ "нағыз демократияны" Беларусьтен үйренуі керек". Лукашенко Американы сынап, "саясатты бізден үйренсін" деп мәлімдеді

12:45, 18 сәуір 2026

Беларусь басшысы Александр Лукашенко АҚШ-тағы демократия деңгейіне күмән келтіріп, “нағыз демократияны” Беларусьтен үйрену қажет екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол ресейлік RT телеарнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Alash.kz. 

Лукашенконың сөзінше, Беларусьта Америкамен салыстырғанда “жүз есе көп демократия бар” және елде адам құқықтары нақты қорғалады. Ол АҚШ-тың сыртқы саясаттағы әрекеттерін сынға алып, түрлі әскери қақтығыстарды мысалға келтірді.

Сұхбат барысында Беларусь президенті АҚШ-тың Венесуэла, Куба және Таяу Шығыс елдеріне қатысты саясатын атап өтіп, Батыс елдерінде демократия мен адам құқықтары көбіне “сөз жүзінде ғана айтылады” деген пікір білдірді.

Сондай-ақ ол Ирандағы мектепке жасалған зымыран шабуылын мысалға алып, мұндай әрекеттер адам құқықтары қағидаларына қайшы екенін айтты. Лукашенконың пікірінше, АҚШ саясаты көбіне демократиялық құндылықтарға емес, ұлттық мүдделерге негізделген.

Айта кетейік, бұл мәлімдеме АҚШ пен бірқатар елдер арасындағы геосаяси шиеленіс күшейіп тұрған кезеңде жасалып отыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар