Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Мәскеуден келген". Киев қаласында болған атысқа қатысты Украина президенті Владимир Зеленский мәлімдеме жасады

11:00, 19 сәуір 2026

Украина астанасы Киев қаласында болған атыс салдарынан бес адам қаза тапты. Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский мәлімдеді, деп жазды Alash.kz. 

Мемлекет басшысының айтуынша, оқиға барысында төрт адам кепілден босатылған. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары жедел тергеу жүргізіп жатыр.

Ал Виталий Кличко таратқан мәліметке сәйкес, атыс салдарынан кемінде 15 адам түрлі деңгейде жарақат алған.

Украинаның бас прокуроры Руслан Кравченко күдіктінің 58 жастағы Мәскеу тумасы екенін хабарлады. Әзірге оның әрекетінің нақты себептері белгісіз.

Алдын ала мәлімет бойынша, шабуылдаушы көшеде төрт адамды атып өлтірген, кейін «Велмарт» дүкенінде бір кепілдегі адам қаза болған. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар