Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Иранның сыртқы істер министрі Ормұз бұғазы мен Трамптың сөзіне байланысты шұғыл мәлімде айтты

10:13, 18 сәуір 2026

Иранның сыртқы істер министрі Аббас Арагчи Ормуз бұғазының қайта ашылғанын мәлімдеді, деп хабарлады Alash.kz. 

Оның айтуынша, Ормуз бұғазы арқылы барлық коммерциялық кемелердің өтуіне уақытша рұқсат берілген. Бұл шешім Ливандағы атысты тоқтату келісімі аясында қабылданған. Бұғаз арқылы қозғалыс келісілген маршрут бойынша, бітім мерзімі аяқталғанға дейін жүзеге асады.

Алайда АҚШ тарапы, оның ішінде Дональд Трамп бұл ақпаратты әзірге ресми түрде растаған жоқ.

Еске салсақ, бұған дейін Трамп Ливан мен Израиль уақытша атысты тоқтату туралы келісімге келгенін хабарлаған еді. Ормуз бұғазы бастапқыда Иран тарапынан, кейін 13 сәуірден бастап АҚШ шешімімен жабылған болатын.

Сондай-ақ 8 сәуірде АҚШ президенті екі аптаға (21 сәуірге дейін) созылатын уақытша бітім жарияланғанын айтқан. Сарапшылар бұл мерзімнің тағы ұзартылуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар