Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Өртеп жіберемін… Ол - ритуал…»: Мәдина Сәдуақасова ел күтпеген мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

12:17, 19 сәуір 2026

Танымал әнші Мәдина Сәдуақасова журналист Динара Жанықұлға берген сұхбатында өзінің сахналық бейнелеріне қатысты тосын мәлімдеме жасады, деп жазады Alash.kz. 

Өнер иесінің айтуынша, ол концерттер мен маңызды іс-шараларға киген көйлектерін ұзақ сақтауды құп көрмейді. Әнші тіпті жоғары сән үлгісімен тігілген қымбат киімдерінің өзін уақыт өте келе отқа орап, жойып жіберетінін жеткізді. Бұл әрекетті ол өзінің шығармашылық өміріндегі өткен шақпен қоштасу нышаны ретінде қабылдайды.

Әнші бұл үдерісті өзіндік бір «ритуалға» айналдырған. Ол ескірген немесе киілмей қалған сахналық киімдерін жинап, ата-анасының үйіне апарады. Онда бақша ортасында арнайы от жағылып, киімдер өртеледі. Бұл істе өнер иесіне туған інісі көмектесетіні белгілі болды. Сәдуақасованың пайымдауынша, мұндай қадам оған жаңа шығармашылық кезеңге таза ниетпен қадам басуға мүмкіндік береді.

Осы орайда әнші өзінің бұл әдетінің мән-жайын былай деп толық түсіндірді:

«Көйлектерім өте көп. 1 ай киемін. 1 айдан асырмаймын. Сақтамаймын. Жағып жіберемін отқа. Дизайнерлік көйлек болса, бутиктерге беремін. Сіңілім көйлектерімді прокатқа беретін. Ол ритуал сияқты. Әке-шешемнің үйіне барамын. Бақшаға ортаға шығарады. Сосын жағамыз».

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар