Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шетелде іздеуде жүрген қылмыскерлер Қазақстаннан табылды

21:40, 18 қазан 2025 247
 

Еліміздің Батыс аймағы Батыс Қазақстан облысында 15-16 қазанда "Іздестіру" жедел алдын алу іс-шарасы өтті, деп хабарлайды Alash.KZ.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, іс-шара барысында 13 күдікті қолға түскен. Бір адам Татарстан Республикасы аумағында, тағы екеуі Орал қаласында ұсталды. 

Ресей Федерациясының құқық қорғау органдарынан жасырынған 8 күдікті Орал қаласында бой тасалап жүрген. Қырғызстан мен Молдова Республикасы іздестірген екі күдікті Тасқала ауылынан табылды. 

Ұсталғандар ұрлық пен алаяқтық жасағаны, денсаулыққа ауыр зиян келтіріп, жыныстық сипаттағы зорлық әрекеттерге барғаны, сондай-ақ порнографиялық материалдарды таратып, әскери қызметтен жалтарғаны және бұзақылығы үшін іздеуде болған. 

Сонымен қатар осы екі күнде бұрын із-түзсіз жоғалған 4 адамның, соның ішінде 2 жасөспірімнің орналасқан жері анықталды. 

– "Іздестіру" жедел алдын алу іс-шарасы қазақстандық құқық қорғау органдары мен ТМД елдеріндегі әріптестері арасындағы өзара іс-қимылдың тиімділігі жоғары екендігін көрсетті, – делінген хабарламада.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар