Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шебересін зорлаған астаналық қарияға сот үкімі шықты

13:07, 15 қаңтар 2026

Астана қаласында сот 82 жастағы зейнеткерге қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды. Ол кәмелетке толмаған шөбересіне қарсы ауыр қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды, деп жазады Alash.KZ.

«НеМолчи» қорының мәліметіне сәйкес, іс Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігі бойынша қаралған. Тергеу деректеріне сүйенсек, оқиға қыз бала жеті жасқа толған күні, отбасы мүшелері жиналып, мерекелік отырыс өтіп жатқан кезде, түнгі уақытта тұрғын үй ішінде болған.

Қор таратқан ақпаратта күдіктінің әрекеті туыстарының біріне кездейсоқ белгілі болғаны айтылады. Аталған адам сот барысында куә ретінде жауап берген. Сонымен қатар айыпталушының кінәсі бірнеше сот-медициналық және психологиялық сараптамалардың нәтижелерімен расталған.

«Айыпталушы өзінің не істеп жатқанын толық түсінген. Оқиға ашылғаннан кейін ол бой тасалауға тырысқан, алайда бір тәуліктің ішінде полиция қызметкерлері тарапынан ұсталды», – делінген қор хабарламасында.

Жәбірленуші тараптың мүддесін қорғаған адвокат Азамат Сағалдың айтуынша, мемлекеттік айыптаушы соттан айыпталушыға 25 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған. Ал жәбірленуші баланың туыстары ең қатаң жаза — өмір бойына бас бостандығынан айыруды талап еткен.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар