Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Мені түрмеге жаба алмайсың!” - Нұрай Серікбайдың жақындары бар шындықты жайып салды

18:56, 14 қаңтар 2026

Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайдың қаза болуына байланысты жақындары оқиғаның мән-жайын ашық айтып, халықтан қолдау сұрады, деп хабарлайды Alash.kz. 

Туыстарының сөзінше, алғашында бойжеткеннің жуас мінезін пайдаланған күдікті Аймахан Шерхан барынша көңілін табуға тырысқан, кейін қоқан-лоқы көрсету арқылы мазалаған. Тіпті қыздың қарсылығына қарамастан оны Алматыдан Шымкентке алып қашқан, алайда туыстары араша түсіп, үйіне қайтарып алған.

Бұдан кейін күдікті Нұрайды әлеуметтік желілерде де, оқу орнында да үздіксіз аңдып, психологиялық қысым көрсетуін тоқтатпаған. Қауіпті сезген ағасы қарындасын сабаққа өзі ертіп апарып жүруге мәжбүр болған. Бойжеткен өзіне төнген қауіп туралы дәлелдер жинап, полицияға шағымданғанымен, құзырлы органдар тарапынан ешқандай әрекет болмаған. Өзіне сенімді болған жігіт “Сен мені түрмеге жаба алмайсың!” деп, қызды келемеждеген.

Қайғылы жағдай Нұрайдың пышақ жарақатынан көз жұмуымен аяқталды. Марқұмның отбасы егер полиция уақытында шара қолданғанда бұл трагедияның алдын алуға болатынын алға тартып, күдіктінің ең ауыр жазаға кесілуін талап етіп отыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар