Fox News хабарлауынша, бұл шаралар «мемлекетке ауыртпалық түсіруі мүмкін өтініш берушілермен күресу» мақсатында қабылданған, деп жазады Alash.KZ.
Шектеулер енгізілетін елдер қатарына Сомали, Ауғанстан, Бразилия, Иран, Ирак, Египет, Нигерия, Тайланд, Йемен және өзге де мемлекеттер кіреді.
Жаңа ережелер 21 қаңтардан бастап күшіне енеді. Сондай-ақ Мемлекеттік департамент визаларды өңдеу тәртібін қайта қарайтынын мәлімдеді.
Бұл шектеулер барлық визаларға емес, тек иммиграциялық визаларға қатысты. Ал туристік, қонақ және студенттік визаларға берілетін өтініштерге әсер етпейді.