Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Жұмыстарыңыз кабинетте емес, құрылыс басында болуы тиіс!»: Бектенов энерго-жобалардың кешігуін сынап тастады

18:34, 14 қаңтар 2026

Үкімет басшысы Олжас Бектенов елдегі энергия тапшылығын жоюға бағытталған жобалардың кешіктірілуін қатаң сынға алды, деп хабарлайды Alash.kz. 

Премьер-министрдің төрағалығымен өткен жиында жаңа қуат көздерін іске қосу жоспары талқыланды.

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов қазіргі уақытта құны 13 триллион теңгеден асатын 81 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатқанын хабарлады. Оның айтуынша, бұл шаралар жақын жылдары елімізді энергияға мұқтаждықтан құтқаруы тиіс. Министр өз баяндамасында былай деді:

«Қазіргі таңда жұмыс істеп жатқан нысандарды іске қосу 2027 жылдың бірінші тоқсанының соңына қарай экономиканың электр энергиясына деген қажеттілігін толық өтеуге және Қазақстанды энергия тапшылығы бар елдер қатарынан шығаруға мүмкіндік береді. 2029 жылға қарай электр энергиясы бойынша да, реттеуші қуат бойынша да тұрақты профицитке қол жеткізу жоспарлануда».

Алайда Олжас Бектенов мерзімдердің жиі ауыстырылуына наразылық білдіріп, жауапты тұлғаларға жұмыс тәсілін өзгертуді бұйырды. Ол сала басшыларына нақты талап қойды:

«Жоспарланған барлық жобалар белгіленген мерзімде жүзеге асырылуы тиіс. Ешқандай іркіліс болмауы керек. Министр, «Самұрық-Энерго» және KEGOC басшылары, әрбір нысан үшін дербес жауаптысыздар. Сіздердің жұмыс орындарыңыз кабинеттерде емес, құрылыс алаңдарында болуы тиіс».

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар