Ресейдің Омбы қаласында өткен балалар мен жасөспірімдер арасындағы хоккей турнирі кезінде ресейлік спорт комментаторы Максим Гречанин қазақстандық командаға қатысты орынсыз мәлімдеме жасаған, деп жазады Alash.KZ.
Оқиға «Сібір» мен «Астана» командалары арасындағы матч басталар алдында тіркелген. Тікелей эфир барысында комментатор қазақстандық жас хоккейшілердің атына әдепсіз әрі кемсітетін сөздер айтып, оларды қорлай сөйлеген.
Аталған сөздер тікелей трансляция кезінде көрермендерге анық естілген. Әлеуметтік желі қолданушылары мен жанкүйерлер бұл жағдайға наразылық білдіріп, балалар спорты аясында мұндай әрекетке жол беруге болмайтынын атап өтті.
Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты турнир ұйымдастырушылары мен тиісті органдар тарапынан қандай да бір реакция бола ма, әзірге белгісіз.