Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Шаруаларың болмасын! Өзім жауап беремін!” - Атыраудағы жоғалған отбасының ұлы жазған хабарламалары жария болды (ВИДЕО)

11:51, 14 қаңтар 2026

Атырау облысы, Жангелдин ауылында жоғалған отбасының жақындары бауырлары із-түссіз кеткенде тек What’sАрр желісі арқылы ғана хат-хабар алмасқанын айтты, деп жазады Alash.kz.

Өз сарайынан денесі табылған Мақсот Қарабалиннің қарындасы Әдемі Шылмағамбетова оқиғаның қалай болғанын баяндап берді. Қараша айының басында отбасының Наурыз есімді ұлы әпкесіне отбасылық жанжалдары туралы хабарлама жазған. Сол кезден кейін байланыс үзілгендіктен Әдемі Шылмағамбетова Наурызға өзі телефон соққан көрінеді. Сол шақта отбасы мүшелері ішінен тек Наурыздың ғана нөмірі қосулы болған.

Дым қалдырмай уақ малдарын сатып жіберіпті дегесін, мен қайтадан Наурызға шықтым. “Әй, Наурыз, не істеп жатсыңдар? Уақ малдарыңды сатып жіберді деп айтып жатыр. Өздері жоқ деп айтады ғой. Қайда кеттіңдер?” дедім. Телефонмен соқтым ғой. Сосын ол маған былай жазыпты. “Апамды Ташкентке алып кеттік. Емдетуге” деді. Сосын тағы бір айналып, тағы соқтым.  “Әй, Наурыз! Ташкентта қайда алып кеттіңдер? Больницада ма? Санаторияда ма? Қайда?” деп едім. “Ағайындарда, таныстың үйінде” деді. Телефонмен сөйлеспейді. Уатсаппен жазады. Телефон соқсам, бірден ответ бермейді. Тағы айналып, тағы соқтым. “Әй, айналайын, не істеп жатсыңдар?”. “Жоқ. Апам деген массаж алып жатыр. Анализ тапсырып жатыр. Емделіп жатыр” деді. Сосын мен айттым. “Еліңде малың бар. Үйіңде газ жанып тұр. Тәтең мен Мейрамгүлді ауылға жібер. Сен мамаңның қасында бол. Емдет. Апаңның емі қашан бітеді” дедім. “Декабрьдің 10-ында ауылға шығамыз” деді. Сосын, енді уже декабрь өтіп кетті. 10-дары болып қалыпты. “Әй, Наурыз не істеп жатсыңдар. Қайдасыңдар?”. “Тәтемнің танысының үйіндеміз” деді. Тәтесінде қайдағы Ташкентте таныс?! Сеніп қалып тұрмын ғой енді… 

 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар