Қазақ кино өнерінің ақсақалы Асанәлі Әшімовтің жары Бағдат Әшімова әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа жазба жариялады, деп жазады Alash.KZ.
Жарияланған әлгі видеода Асанәлі Әшімов пен көрнекті композитор Ілия Жақановтың Атырау қаласында өткен кездесуінен әсерлі сәттер көрсетілген. Бейнежазбада қос өнер иесінің сырлы әңгімеге беріліп, өткен күндерді еске алғаны аңғарылады.
Жазба астында Бағдат ханым бұл кездесудің мән-маңызын ерекше атап өтті.
«Қос магикандардың соңғы жүздесуі. Атырауда жүрекке жылы, шер тарқатар кеш болған еді. Айтар ойларыңыз, айтылмай қалған әңгімелеріңіз көп еді… Әттең», – деп жазды ол.