Саясаттанушы Талғат Қалиев Ирандағы ахуалды халықаралық сарапшылармен талқылап, оқиғаның дамуы мүмкін үш нұсқасын талдап берді, деп жазады Alash.kz.
Оның пікірінше, қазіргі наразылықтардың негізгі мәселесі - оппозицияда ортақ стратегия мен нақты көшбасшының жоқтығы.
Сарапшы бірінші сценарий бойынша наразылықтың уақыт өте келе басылып, соңы репрессияға ұласуы мүмкін екенін айтады. Екінші жол - сыртқы күштердің көмегімен билікті толық ауыстыру, бірақ бұл жаңа жүйені құру үшін үлкен дайындықты қажет етеді. Ал үшінші нұсқа бойынша Иран азаматтық соғыс пен хаос орнаған аймаққа айналып, көршілес елдерге босқындар ағылуы ықтимал.
Талғат Қалиев қазіргі жағдайға қатысты өз ойын былай деп қорытындылады:
«Наразылық білдірушілердің көптігі мен ымырасыздығына қарамастан, мұндай сценарий наразылықтың басылуына және оның «сығылуына», артынша репрессияның күшеюіне әкелу ықтималдығы жоғары. Бұл жағдайда наразылық қайтадан тоқырау сипатына ие болып, тиісті серпін пайда болған кезде міндетті түрде қайта оянады. Алайда бұл институттық және әдістемелік қолдау көрсету, болашақ биліктің инфрақұрылымын қалыптастыру, оны саяси күн тәртібімен қамтамасыз ету бойынша қатар жүретін күш-жігерді талап етеді. Бүгінгі таңда саяси консенсусқа жету әлеуеті мұрагер ханзада Реза Пехлевидің тұлғасына шоғырланған, бірақ Ақ үй тарапынан онымен ашық байланыстардың болмауы, мүмкін, бұл нұсқа оларға тартымды болып көрінбейтінін білдіреді. Яғни, Трамп ең қауіпті сценарийді таңдайды.Бұл Иранды ықпалды көршілердің текетірес алаңына айналдырып, азаматтық соғысқа және мемлекеттің бөлшектенуіне, аумақтың басым бөлігінің хаосқа ұшырауына әкелуі мүмкін. Бұл босқындардың, соның ішінде Оңтүстік Кавказ бен Орталық Азияға көптеп ағылуына соқтырады».