Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Боқтайды. Маза бермейді. Атпен жетіп алды” - Күйеуінен қорлық көрген әйел араша сұрады (ВИДЕО)

16:41, 14 қаңтар 2026

Алматы облысына қарасты Ақтерек ауылының тұрғыны отағасынан тұрақты түрде қысым көріп жатқанын айтып, жұртшылықтан араша сұрады, деп хабарлайды Alash.kz.

Әлеуметтік желіде тараған таспаларда ер адамның жұбайына күш көрсетіп, тіпті кішкентай қызына да ауыр сөздер айтып, балағаттағаны анық көрінеді.

Жәбірленуші әйел күйеуінің ішімдікке салынып, отбасының берекесін қашырып жүргенін жеткізді. Ол өз басындағы жағдайды былай деп сипаттады:

Күйеуім осы, ішеді, боқтайды, балаларға тиіседі, маза бермейді. Кетейін десем артымнан атпен жетіп алды, бір жағынан бес балам бар. Көрген күнім осы.

Заңгерлердің мәліметінше, ер адам әйелді желіге жүктеген бейнежазбаларын өшіруге мәжбүрлеген. Қазіргі таңда бұл оқиға бойынша полиция тексеру амалдарын бастады. Сондай-ақ Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева бұл мәселенің қатаң бақылауға алынғанын және балалардың қауіпсіздігі қадағаланатынын мәлімдеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар