Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Жемқорлыққа өлім жазасын қарастыру…»: Депутат Қошмамбетов заңгер ретінде тың пікір білдірді (ВИДЕО)

13:50, 14 қаңтар 2026

Депутат Айтуар Қошмамбетов елімізде жемқорларға өлім жазасын кесу мәселесіне қатысты пікір білдіріп, бұл қадамның тиімділігіне күмәнмен қарайтынын жеткізді, деп хабарлайды Alash.kz. 

Ол Қазақстанның бұл жаза түрінен бас тартуын адам құқықтарын құрметтеу жолындағы маңызды қадам деп санайды. Заңгер ретінде өз ойын білдірген халық қалаулысы былай деді:

«Мен, ең алдымен, заңгер ретінде жауап берейін. Қазақстанда өлім жазасының болмауы гуманизмнің үлкен жетістігі деп санаймын. Адамзат өлім жазасын алып тастау үшін ұзақ уақыт бойы күресті. БҰҰ аясында осы тұжырымдаманы ұстанатын бірқатар елдер бар. Онда қылмыс үшін өлім жазасы қарастырылмаған. Иә, жемқорлық үшін жаза ауыр болуы тиіс. Бірақ, жантүршігерлік емес. Жемқорлармен күресті намыстан пен ар мәселесі маңайында қарастыру керек».

Депутаттың пайымдауынша, жемқорлықты жою үшін жазаның қатаңдығынан бұрын, оның бұлтартпастығы маңызды. Яғни, кез келген заң бұзушы жауапкершіліктен қашып құтыла алмайтынын сезінуі тиіс. Сонымен қатар ол қоғамның жемқорларға деген көзқарасы өзгеруі керектігін, парақорларды сыйлауды тоқтатып, оларды ел алдында беделінен айыру қажеттігін атап өтті. Мысал ретінде Қытай тәжірибесін келтіріп, онда өлім жазасы болса да, жемқорлықтың тыйылмай отырғанын алға тартты.

  

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар