Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Некеде тұрғанын 34 жылдан кейін білген”: Жамбыл облысында таңғаларлық оқиға тіркелді

21:03, 14 қаңтар 2026

Жамбыл облысында банк қосымшасының көмегімен өз некесі туралы кездейсоқ білген тұрғынның оқиғасы жұртты таңғалдырды. Ер адам осыдан 34 жыл бұрын небәрі төрт ай ғана кездескен қызымен ресми түрде ерлі-зайыпты болып тіркелгенін 2025 жылы бір-ақ анықтаған, деп жазады Alash.kz.

Бұл қызық жағдай 1991 жылы басталған. Сол кезде қысқа уақыт араласып, кейін екі жаққа кеткен жұптың әрқайсысы өз алдына отау құрған. Әйел 1994 жылы өзге адаммен тұрмыс құрса, ер адам 2021 жылы басқа әйелмен заңды некеге тұрады. Алайда цифрлық жүйе мұрағаттағы ескі жазбаны шығарып бергенде, ер адамның құжат жүзінде екі әйелі бар болып шыққан.

Мәселенің ақ-қарасын анықтау үшін ол сотқа жүгінді. Сот процесі барысында 1991 жылғы некенің заңсыз тіркелгені белгілі болды. Анықталғандай, ол кезде екі жас АХАТ бөліміне бармаған және ешқандай құжатқа қол қоймаған. Тіпті акт жазбасындағы қолтаңбалар мүлдем басқа адамдарға тиесілі екені дәлелденді.

Нәтижесінде сот "қашықтан тіркелген" бұл некенің ешқандай заңдық күші жоқ деп танып, оны жарамсыз деп тапты. Осылайша, 34 жылдан бері жалғасып келген жалған некеге нүкте қойылды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар