Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Арнайы жасақ қызметкеріне шабуыл жасаған»: Астанадағы оқыс оқиғаның мән-жайы анықталды (ВИДЕО)

21:55, 14 қаңтар 2026

Астананың Есіл ауданында 14 қаңтар күні таңертең жүргізушіге қатысты қарулы шабуыл жасалды, деп хабарлайды Alash.kz. 

Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, бұл оқиғадан Ішкі істер министрлігіне қарасты «Сұңқар» арнайы жасағының қызметкері зардап шеккен.

Жол жиегіне аңшы мылтығымен шыққан белгісіз адам көлікті тоқтатып, жүргізуші сыртқа шыққан сәтте оған оқ атқан. Шабуыл салдарынан 1990 жылы туған зардап шегуші жауырын, мойын және қабырға тұсынан жарақат алып, мылтық дүмімен соққы көрген. Ол өзін қорғау мақсатында шабуылдаушыны автокөлікпен қағып кеткен.

Полиция департаменті жәбірленушінің құқық қорғау органында жұмыс істейтінін растады, алайда оқиға кезінде ол еңбек демалысында болған. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде 2004 жылы туған, бұрын сотталмаған күдікті ұсталды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар