Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Атағы жоқ, медаль алмаған кім қалды?!» - Депутат «атақ саудасын» қатаң сынға алды (ВИДЕО)

14:03, 14 қаңтар 2026

Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай елімізде белең алған «атақ саудасына» қатысты шұғыл мәселе көтерді, деп хабарлайды Alash.kz.

Үкімет басшысының орынбасары Аида Балаеваға ресми сауал жолдап, еліміздегі мемлекеттік емес марапаттардың заңсыз саудасына қатысты сөз бастады. Оның айтуынша, түрлі атақтар мен медальдарды сату белең алып, бұл үрдіс ел болашағы үшін үлкен қауіпке айналған.

Депутат өз сөзінде қоғамдағы марапатқа деген көзқарастың құнсызданып кеткенін былай деп жеткізді:

«Атағы жоқ, медаль алмаған кім қалды, өзі? Байқасаңыздар, жаңа жылдың алдында біз өмірі естімеген белгісіз қоғамдық ұйымдар тағы да үлсетіріп жатыр. Өйткені, қоғамда сұраныста бар. Атаққұмарлық кәдімгі дертке айналып барады. Марапат пен атақ базарда сатылатын сувенир сияқты болып кетті.

Өздері мәз. Бірақ шын мәнінде қандай атақ алғанын өздері де түсінбейді».

Халық қалаулысының келтірген деректеріне сүйенсек, қазіргі таңда «Ұлт ұстазы» немесе «Қазақстанның құрметті азаматы» секілді атақтардың бағасы 20 мыңнан 100 мың теңгеге дейін жетеді. Жекеменшік ұйымдар салтанатты жиындар өткізіп, қаржы төлеген кәсіпкерлер мен мұғалімдерді марапаттауды табыс көзіне айналдырып алған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар