Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Не болғанын білмеймін. Есімнен адастым…»: Әкесін ұрып өлтірген ер адамға қатысты ел естімеген ақпарат шықты

15:10, 14 қаңтар 2026

Түркістан облысында өз әкесін соққыға жығып, өліміне себепкер болған 41 жастағы Алмас Садақбаевқа қатысты сот процесі аяқталуға жақын, деп хабарлайды Alash.kz. 

Мемлекеттік айыптаушы айыпталушыны алты жылдан астам уақытқа бас бостандығынан айыруды сұрады.

Сот залында Алмас Садақбаев істеген ісіне өкініп, көз жасына ерік берді. Ол отбасындағы жалғыз асыраушы екенін алға тартып, төмендегідей пікір білдірді:

«Кешірім өтінемін. Қазір ұяттан басымды көтере алмаймын. Өзім де не болғанын білмеймін. Есімнен адастым. Соттан жазамды жеңілдетуді сұраймын. Кәмелетке толмаған балаларым бар, әйелім жұмыс істемейді, отбасындағы жалғыз асыраушымын».

Прокурор соттан айыпталушыны 6 жыл 2 айға түрмеге жабуды және қосымша айыппұл салуды талап етті. Қарияның өмірін қиған осы қайғылы оқиға бойынша түпкілікті үкім ертең, 15 қаңтарда жарияланады деп күтілуде.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар