Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Қой бауыздай алмайтын кісі… Маньяктың ісі ғой!” - Атыраудағы трагедияға күдіктінің әкесі маңызды мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

12:15, 14 қаңтар 2026

Атырау облысындағы шулы қылмыстық іс бойынша күдікті деп танылған Сұлтан Сәрсемәлиевтің әкесі алғаш рет мәлімдеме жасады, деп жазады Alash.kz. 

Qazaq airan басылымының тілшісі Айдана Мейрамбайқызы Жангелдин ауылына барып, күдіктінің отбасымен кездесіп қайтқан.

Сұхбат барысында Самиғолла Сәрсемәліұлы ұлына қатысты айтылып жатқан айыптаулар мен қоғамдағы теріс пікірлерге наразылығын білдірді. Әкесінің пайымдауынша, әлеуметтік желілерде Сұлтанды кінәлі етіп көрсетуге тырысатын түрлі жорамалдар шектен тыс көбейіп кеткен.

Қазір телефонды ашып қалсаңыз, стрелканың бәрін бір жаққа бұрып қойып, менің балама қатысты адамдардың айтпаған сөзі қалмады. "Күйеу баласы жасаған", анау-мынау деп жатыр. Шынымды айтсам, мұны Сұлтан жасайды деген үш ұйықтасам түсіме кірмейді. Ол жасамағанына 100% сенемін. "Қой бауыздау білмейтін кісі, соған дәті бармайтын адам мұндайға қалай барады?" деп ойлаймын. Бұл деген кәсіби маняктың жасайтың ісі ғой. Өлтіріп, көміп, ізін жасыру деген... Ол марқұмдарға өшпенді болатын көшедегі кісі емес, туған ата-енесі. Мысалы, қасында әйелі жүр. Осыдан кейін айтылып жатқан әңгімелерге қалай сенесің? Оның үстіне, мен оның әкесі болсам. Тіпті төбеден түскендей, айтатын сөз де жоқ.

Алып бара жатқан тентектік, қояншықтығы жоқ. Былай жуас. Көп адаммен шүйіркелесіп сөйлеспейді де. Соңғы рет сөйлескенімде где-то октябрьдің ішінде. Қалаға кетті келінді алып. Келін ауырады. Емдету керек. Ана жақта жақын ғой енді қарайтын. 

Жұмыс сол қалада істейді ғой. Әр жерде охрана. Уақытша бір ай ма, екі ай ма. Алдыңғы жылдар бір жерде жасап жүрді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар