Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова білім беру мекемелеріндегі басшыларды тағайындау жүйесіне қатысты маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Alash.kz.
Ол мектеп директорларының қызмет мерзімін шектеу арқылы кадр саясатын жаңартуды ұсынып отыр. Министрдің айтуынша, мектеп директорлары бастапқыда тек 2 оқу жылына ғана тағайындалуы тиіс.
Министр ретіндегі позициям, бір директорға бір мектептегі мерзімі екі оқу жылы болуы қажет. Егер, оның нәтижесі жақсы болып жатса, білім сапасы мектебінде жақсы болып жатса, бұдан бөлек балаларының мәселелері жақсы болып жатса, қауіпсіздік мәселесі, мұғалімдердің біліктілігі мәселесі жолға қойылып жатса, онда мектептің директорына тағы да бір мәрте бір мерзім беруге болады. Сонымен, ол төрт жылға тағайындалуы қажет деп санаймын. Негізгі тағайындалу кезеңі - екі оқу жылы. Егер, жақсы нәтиже көрсетіп жатса, тағы да бір мерзім. Төрт жылға дейін тағайындауға болады деп ойлаймыз.