Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Күдіктінің әпкесі Сирияға барып келген…” - Атыраудағы трагедия туралы ел естімеген дерек шықты (ВИДЕО)

17:18, 14 қаңтар 2026

Атырау облысы, Жангелдин елді-мекенінде жоғалған отбасының ұлы Наурыздың Сирияға кеткені туралы қауесет пен күдікті күйеу баланың туған әпкесі туралы ел арасындағы әңгімелерге жақындары жауап берді, деп жазады Alash.kz.

Қаза болған Мақсот Қарабалиннің інісі Шалқар Мұқанғалиев ел арасында жүрген “Наурыз отбасын Сирияға алып кетті” деген сөзге өз пікірін айтты.

Наурыз інім бес уақыт намаз оқиды. Енді, қазіргі таңда білесіздер ғой. Кім намаз оқиды, кім дін жолында жүреді…Ойлайтын нәрсесі не? Сол “Сирия” деп ойлайды да. Бірақ, енді қазіргі уақыт - ХХІ ғасыр. Адамдардың көзі ашық. Сирияның қандай жағдайда екенін біледі. Көріп жатыр. Шындығында соғыстың жоқ екенін біледі қазіргі азаматтар. Наурыз інім ол жақты қолдайтын, баратын адам емес.

Отбасы трагедиясына “басты күдікті” деп танылған күйеу бала Сұлтан Сәрсемалиевтің туған әпкесінің де Шам еліне барып, “Жусан” операциясы арқылы оралғаны айтылады. Бұл туралы Сұлтанның әкесі былай деді:

Оны бала-шағасымен бірге күйеуі алдап, қыдырамыз деп алып кеткен дейді. Түркия арқылы кеткен сияқты. Сосын ана жақтан документін құртып жіберген… Сол жақта қайтыс болыпты ғой күйеу бала. Ол туралы үйде әңгіме қозғамаймыз. Кейін кіші қызым үлкен қызымды алып келіп, құжаттарын қайта жасатып берді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар