Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Құрсағындағы сәби менің келінім болады деп ойламаппын”: Жазира Байырбекова құдағиына әсерлі жазба арнады

19:30, 29 наурыз 2026

Әнші Жазира Байырбекова желідегі парақшасында құдағиына арнап әсерлі жазба жариялады, деп жазады Alash.kz.

«Менің құдағиым Лиза Ахметова – әлемдегі ең сұлу құдағи. Осыдан 20 жыл бұрын бір жиында аяғы ауыр жас келінді көріп, сұлулығына таңғалған едім. Сол кезде оның болашақта менің құдағиым боларын, ал құрсағындағы сәби менің келінім болады деп ойламаппын.

Құдағиым – достарымыз Бақытгүл мен Дәуреннің, өнердегі ініміз Кенжебек пен Жәмиланың келіні. Той керемет өтті десе қуанып, дұрыс болмады десе көңіл түседі. Той алдында да, өткеннен кейін де уайымдайды екенсің», – деп жазды Жазира Байырбекова.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар