Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қайғылы хабар: Түркістан облысында із-түссіз жоғалып кеткен 53 жастағы ер адам өлі күйінде табылды

10:32, 29 наурыз 2026

Түркістан облысында бір жарым айдан бері із-түссіз жоғалып кеткен 53 жастағы ер адам өлі күйінде табылды, деп жазады Alash.kz.

Lider еріктілерінің хабарлауынша, 15 қаңтар күні жоғалып кеткен ер адамның қандай жағдайда табылғаны анықталған жоқ. 

Белгілі болғандай, 1973 жылы туған Асан Өтеев шамамен сағат 14:00-де Жаңабазар ауылындағы үйінен шығып, белгісіз бағытта кетіп қалған.

Белгілері: бойы 160–165 сантиметр, көзі қоңыр.

Үстінде сары комбинезон, қара күрте, көк джинсы шалбар, қара түсті бас киім болған, аяғында галош киген.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар