Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Не нәрсе ішімде ғой. Айтсам да, маған жандарыңыз ашымауы мүмкін". Дариға Бадықова өзінің "жүрегі бар екенін" айтып, жан сырын ақтарды

16:55, 28 наурыз 2026

Танымал кинопродюсер әрі актриса Дариға Бадықова әлеуметтік желіде оқырмандарына ой салатын жазба жариялады, деп хабарлайды Alash.kz. 

Өнер иесі жазбасында өмірінде түрлі қиындықтарды бастан өткергенін меңзеп, кейде шынайылықты жеткіземін деп артық сыр ашып қоятынын атап өткен.

Оның айтуынша, ол өзін аяныш тудыратын кейіпте көрсетуді қаламайды және қоғамдағы стереотиптерге қатысты пікір білдірген. Сонымен қатар актриса адамдардың ішкі жан дүниесі мен өмірлік жағдайларын кино арқылы жеткізуді маңызды санайтынын айтты.

"Айтатын жаңалық көп. Бір уақыты келер, осындай жағдайлар болған деп ше... Не көрмедім десем. "Шынымды айтамын деп, сырымды айтып қойыппын" болмайын құрсын. Не нәрсе ішімде ғой. Айтсам да, маған жандарыңыз ашымауы мүмкін. Ой, бұл пысық, тірлігі бар деп. Пысықтардың да жүрегі бар. Просто жертво болғанды ұнатпайды. Себебі маған адамдардың аяныш күймен қарағаны ұнамайды. Оның үстіне, біздегі стереотип – жалқауларға жан ашу", – деп жазды Дариға Бадықова.

Дариға Бадықова қазіргі таңда өмірге жақын туындылар түсіруді басты мақсаттарының бірі ретінде атап өтті. Осы орайда ол көрермендерді «Таптым-ау сені» фильмін көруге шақырды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар