Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, ардагер әнші Мырзахмет Мұқаманов өмірден өтті. Қаралы хабарды Рамазан Стамғазиев әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.kz порталы MadeniPortal.kz-ке сілтеп.

Рамазан Стамғазиев марқұмның қазақ өнеріне қосқан үлесін атап өтіп, оның ұлттық ән өнерінің дамуына елеулі еңбек сіңіргенін жеткізді. Сондай-ақ ол Мырзахмет Мұқамановтың өзіндік үні мен сахнадағы дара болмысы арқылы ел жүрегінен орын алғанын айтты.
Әншінің айтуынша, марқұм саналы ғұмырын өнерге арнап, шәкірт тәрбиелеу арқылы қазақ мәдениетінің өркендеуіне үлес қосқан.
Марқұмның жақындары мен туған-туыстарына, шәкірттері мен әріптестеріне көңіл айтылды.