Әлеуметтік желілерде әншілер Жазира Байырбекова мен Жанболат Жанай ұлының үйлену тойы қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Alash.kz.
Threads платформасында кейбір қолданушылар той барысында болған жайттарға қатысты сын пікірлер қалдырған. Олардың айтуынша, іс-шараны жүргізген асабалардың сөйлеу мәнері мен әзілдері орынсыз болған.
Пікір иелері асабаның қонақтарға айтқан кейбір сөздері әдепке сай келмегенін, сондай-ақ тойдағы бірқатар әрекеттерді «орынсыз» деп бағалаған. Атап айтқанда, қонақтармен қарым-қатынас, сахналық әзілдер және музыкалық сүйемелдеуге қатысты сын айтылған.
Желі қолданушыларының бірі тойдың кеш басталғанын және жалпы сценарийдің қарапайым болғанын атап өтсе, тағы бірі асабаның әзілдері жеке басқа тиіп, артық кеткенін жазған.
Осылайша, әлеуметтік желі қолданушылары тойды жүргізген асабаның әрекеттерін сынға алып, түрлі пікір білдіруде.
