Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Төртіншімен жүрсең де бақытты бол”: Мақпал Жүнісованың Тұрсынбек Қабатовқа айтқан тілегі елді күлкіге қарық қылды (ВИДЕО)

15:33, 29 наурыз 2026

Танымал әнші Мақпал Жүнісова көпшілік қатысқан тойлардың бірінде ерекше әзіл айтып, жиналған қауымды күлкіге қарық қылды, деп жазады Alash.kz.

Kznews.kz хабарлауынша, кеш барысында ол белгілі әзілкеш әрі асаба Тұрсынбек Қабатовқа қалжың аралас сөз арнап, оны сәл тосылтып қойды. Әншінің тапқыр әзілдері мен астарлы сөздері залдағы қонақтардың көңілін көтеріп, ерекше атмосфера сыйлады.

«Тұрсынбекжан, біз сені қатты жақсы көреміз. Бақытты бол! Кіммен жүрсең де, қайда жүрсең де. Біріншімен болсын, екіншімен болсын, үшінші, төртіншімен жүрсең де – бәрібір бақытты бол», – деп әзілдеді әнші.

Осы сәтте асабалық етіп жүрген Тұрсынбек Қабатовтың сәл қысылып қалғаны байқалды. Дегенмен ол да әзілді жылы қабылдап, кештің көңілді өтуіне өз үлесін қосты.

Желіде тараған бейнежазба көпшіліктің қызығушылығын тудырып, қолданушылар арасында қызу талқыланып жатыр. Көптеген көрермен әншінің әзілін жоғары бағалап, қазақы тойлардың ажарын ашатын осындай сәттер жиі болса екен деген пікірлерін білдіруде.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар