Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Ендігі кезекте Кубаның тас-талқанын шығарамыз". Дональд Трамп тағы да тосын мәлімдеме жасады

11:28, 28 наурыз 2026

АҚШ президенті Дональд Трамп 27 наурыз күні Кубаға қатысты мәлімдеме жасап, кейін журналистерден өз сөздерін елемеуді сұрады, деп Alash.kz. 

Ол Майамиде өткен Future Investment Initiative іс-шарасында «Куба – келесі» деп атап өткен. Алайда артынша БАҚ өкілдеріне бұл сөздерді «айтылмағандай қабылдауды» өтінген.

Соған қарамастан, Трамп кейінірек бұл мәлімдемесін қайталап, АҚШ өз егемендігін қорғауды жалғастыратынын және «радикалды солшыл демократтардың» әрекеттеріне қарамастан қадам жасайтынын жеткізді.

Бұған дейін де Дональд Трамп Кубаға қатысты бірнеше рет мәлімдеме жасаған. Наурыз айының басында ол АҚШ-тың аралға қатысты әскери операциясы уақыт мәселесі екенін айтқан. Кейін Кубаны «бақылауға алуды» немесе «азат етуді» ұсынған.

Ал Сергей Лавров Кубаға қатысты АҚШ тарапынан қысым жасау әрекеттерін қолдамайтынын мәлімдеген.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар