Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстан әртістік жүзуден Әлем кубогы кезеңінде екінші медаль жеңіп алды

20:30, 29 наурыз 2026

Францияның Париж қаласында әртістік жүзуден Әлем кубогының екінші кезеңі жалғасуда, деп жазады Alash.kz. 

Ұлттық олимпиадалық комитеттің хабарлауынша, аталған турнирде Қазақстан құрамасы екінші медалін еншіледі.

Аралас дуэттер арасындағы (техникалық бағдарлама) жарыста Ясмин Исламова мен Алдияр Рамазанов 211.1267 ұпай жинап, екінші орынға ие болды.

Бірінші орынды 231.9159 ұпаймен Ресей өкілдері Алина Румянцева мен Захар Трофимов жеңіп алды. Ал қола жүлде 207.9975 ұпай жинаған колумбиялық Эмили Минанте мен Густаво Санческе бұйырды.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының еншісінде енді екі медаль бар. Бұған дейін Виктор Друзин қола жүлдегер атанған болатын.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар