Түркияда есірткі ісі бойынша іздеуде болған актриса Ханде Эрчел Ыстамбұл әуежайында ұсталды. Бұл туралы Alash.kz.
Cumhuriyet басылымының мәліметінше, актриса жұма күні Ыстамбұлға оралғаннан кейін әуежайда ұсталып, сотта түсініктеме берген. Қазіргі уақытта ол есірткіге тест тапсыру үшін сот-медициналық сараптамаға жіберілген.

Фото: instagram.com/handemiyy
Түрік адвокаты Айшегүл Полаттың айтуынша, егер тест нәтижесі оң болып, жеткілікті дәлелдер анықталса, прокурорлар актрисаны қамауға алуды талап етуі мүмкін.
Ал осы іс бойынша ұсталған кәсіпкер Хакан Сабанджи Sözcü басылымына берген сұхбатында өзі де, Ханде Эрчел де ешқашан есірткі қолданбағанын мәлімдеген.
Еске салайық, Түркияда 2025 жылдың қазан айынан бері есірткіге қарсы ауқымды рейдтер жүргізіліп келеді. Осы уақыт ішінде бірқатар танымал актерлер мен инфлюенсерлер ұсталған. Бұған дейін Ханде Эрчелдің аталған іс бойынша іздеуге жарияланғаны хабарланған еді.
Актриса өзіне қатысты ақпарат тарағаннан кейін шетелде болғанын, алайда жағдайды анықтау үшін Түркияға оралғанын мәлімдеген.