Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Бұлай болады деп ойламадым…”: Жазира Байырбекова ұлының үйлену тойы қалай өткенін айтты (ВИДЕО)

13:00, 29 наурыз 2026

Жұлдызды жұп Жанболат пен Жазира ұлы Қазыбектің үйлену тойын дүркіретіп өткізді, деп жазады Alash.kz.

Жазира Байырбекова желідегі парақшасында жазба жариялап, ұлының үйлену тойының жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан ұйымдастырушылар мен қонақтарға ризашылығын білдірді. 

«Бұлай болады деп ойламадым. Шақырылған қонақтардың 99 пайызы келді. Алғыс білдіреміз! Алғашқы тойымыздың жоғары деңгейде өтуіне өз үлестеріңізді қосқандарыңыз үшін ерекше ризамыз.

Әрқайсыларыңыз өз істеріңіздің нағыз шебері екендеріңізді дәлелдедіңіздер. Кештің көркін кіргізіп, көңілімізден шығатын керемет атмосфера сыйладыңыздар.

Осындай кәсіби әрі ұйымшыл командамен жұмыс істеу біз үшін үлкен мәртебе!

Сіздерге шығармашылық табыс, толағай жетістіктер және тек биік белестер тілейміз! Тағы да үлкен рахмет!» – деп жазды әнші.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар