Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Тайып құлап, Келес өзеніне ағып кеткен". Түркістан облысындағы 8 жасар бала бес күннен бері табылмай жатыр

18:16, 28 наурыз 2026

Түркістан облысында 8 жастағы Жаннұр Тұрсынбек бес күн бұрын суға кетіп, әлі табылмай жатыр, деп хабарлайды Alash.kz. 

Orda.kz хабарлауынша, оқиға 23 наурыз күні Келес ауданындағы Абай ауылында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, 2-сынып оқушысы арыққа түсіп кеткен аяқ киімін алмақ болып, тайып құлап, Келес өзеніне ағып кеткен. Оқиғаны бірге ойнап жүрген балалар көрген.

Жергілікті тұрғындар арықтың қауіпті орналасқанына алаңдаушылық білдіріп отыр. Олардың айтуынша, қоршау мен ескерту белгілері болмаған.

Қазіргі уақытта іздестіру жұмыстары жалғасуда. Құтқарушылар Келес өзенінің бойын тексеріп жатыр.

Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, іздеуге 120-дан астам адам жұмылдырылған. Сондай-ақ 15 техника, 2 қайық және 2 ұшқышсыз аппарат тартылған.

Құзырлы органдар ата-аналарды балаларды қараусыз қалдырмауға және қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар