Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Иранның әлі 3554 нысанын атқылап, күл-талқанын шығарамыз". Трамп Ирандағы нысандарды "әп-cәтте жойып жібереміз" деп мәлімдеді

12:33, 28 наурыз 2026

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қарсы әскери әрекеттер жалғасатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.kz. 

Ол Майамиде өткен Future Investment Initiative инвестициялық саммитінде сөйлеген сөзінде әлі жойылуы тиіс 3554 нысан бар екенін айтқан. «Біз оларды айтарлықтай тез жоямыз», – деген Трамптың сөзін CNN келтіреді.

Осы уақытта Таяу Шығыстағы жағдай шиеленісе түскен. Мәліметтерге сәйкес, Иран Сауд Арабиясындағы әскери базаға соққы жасаған, ал Йемен аумағынан Израиль бағытына зымыран ұшырылған. Сондай-ақ Парсы шығанағы елдері де шабуылдардан зардап шегіп жатқаны хабарланды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар