Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ресейдегі жаппай төбелеске қатысқан қазақстандықтарға қатысты тың мәлімет айтылды

15:15, 28 наурыз 2026

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Ресейдің Усть-Лугадағы уақытша жұмысшылар лагерінде болған жанжалға қатысты қосымша түсініктеме берді, деп хабарлайды Alash.kz. 

Әлеуметтік желілерде Ленинград облысында болған қақтығыстың видеосы тараған. Онда жаппай төбелеске Қазақстан азаматтары да қатысқаны айтылған. Қазақстандық дипломаттар бұл оқиғаны «тұрмыстық жанжал» деп бағалап, қатысушылар арасында қазақстандықтардың болғанын растады.

Оқиғаға қатысқандар ұсталып, тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

СІМ мәліметінше, қазақстандықтар арасында ауыр жарақат алған немесе ауруханаға жатқызуды қажет ететіндер жоқ. Жағдай тұрақты және құзырлы органдардың бақылауында.

Санкт-Петербургтегі Қазақстанның Бас консулдығы Ресей билігімен тұрақты байланыс орнатқан. Бас консул оқиға орнына барып, азаматтарға консулдық және құқықтық көмек көрсету, сондай-ақ мән-жайды анықтау жұмыстарын жүргізуде.

Ресей Ішкі істер министрлігінің дерегіне сәйкес, 31 адам полиция бөлімшесіне жеткізілген, олардың 16-сына әкімшілік құқық бұзушылық бойынша айып тағылған. Тінту барысында 29 пышақ пен ұялы телефондар тәркіленді.

Аталған факті бойынша «бұзақылық» және «мүлікті қасақана жою» баптарымен қылмыстық істер қозғалды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар