Астанада өтіп жатқан семсерлесуден (шпага) Әлем кубогында қазақстандық Руслан Құрбанов күміс жүлдегер атанды. Бұл туралы Олимпиадалық комитет хабарлады, деп жазады Alash.kz.
Финалда жерлесіміз Украина құрамасының өкілі Роман Свичкарға жол берді.
Шешуші кездесу 15:12 есебімен Свичкардың пайдасына аяқталды. Осылайша, Руслан Құрбанов жарысты екінші орынмен түйіндеді.
Айта кетейік, бұған дейін Руслан Құрбанов Германияның Хайденхайм қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінде жеңіске жеткен болатын.