Қостанайда бір апта бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен 17 жастағы студент Владимир Орелдің мәйіті табылды, деп хабарлайды Alash.kz.
Бүгін арнайы мақсаттағы жасақ (СОБР) қызметкерлері мен еріктілер Гагарин бөгеті маңындағы қамыс алқабын тексеру барысында жасөспірімнің мәйітін анықтаған.
Қостанай облысы полиция департаментінің мәліметінше, кәмелетке толмағанның жоғалу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Алдын ала деректерге сәйкес, денеде зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Полиция азаматтарды тек ресми ақпаратқа сенуге және тексерілмеген мәліметтерді таратпауға шақырды.