Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Дзюдошы Данияр Шамшаев Хорватиядағы Еуропа кубогында жеңімпаз атанды

14:34, 29 наурыз 2026

Қазақстан құрамасы Дубровник қаласында (Хорватия) өткен Еуропа кубогының кезеңінде үш медаль жеңіп алды. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет хабарлады, деп жазады Alash.kz.

Команда қоржынында бір алтын, бір күміс және бір қола жүлде бар.

73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Данияр Шамшаев жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.

60 келіге дейінгі салмақта Дамир Болатбеков турнирдің күміс жүлдегері атанды.

Ал 78 келіден жоғары салмақта өнер көрсеткен Толқын Тұрсынақынова қола медальға ие болды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар