Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Түркістан облысындағы «Ветеринарлық қызмет» өкілдері мемлекеттің 928 млн теңгесін жымқырды деген күдікке ілінді

12:26, 28 наурыз 2026

Түркістан облысында «Ветеринарлық қызмет» коммуналдық кәсіпорнының қызметкерлері бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Alash.kz. 

Тергеу мәліметінше, 2022–2025 жылдар аралығында кәсіпорын басшылығы мен қызметкерлері тауарлар мен қызметтерді сатып алу кезінде жалған төлемдер рәсімдеген. Алайда іс жүзінде ешқандай қызмет көрсетілмеген.

Қаражат аудару барысында күдіктілер өздерінің электрондық цифрлық қолтаңбаларын пайдаланған. Сонымен қатар төлем құжаттарында кәсіпкерлердің нақты ЖСН-дары көрсетілгенімен, компания атаулары өзгертіліп отырған.

Алдын ала есеп бойынша мемлекетке келтірілген шығын көлемі 928 млн теңгені құрады.

Аталған іс бойынша төрт адам — екі бұрынғы басшы, олардың орынбасары және бас бухгалтер ұсталды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар