Қырғыстан астанасы Бішкектен Манасқа көшірілуі мүмкін. Бұл туралы Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы және Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Камчыбек Ташиев мәлімдеді, деп жазады Alash.kz
– Егер біз соған лайық болсақ, неге болмасын, Алла қаласа, болады. Ол үшін қаланы да, халықты да дайындау керек, психологиялық тұрғыда дайын болу қажет. Астана болу – оңай іс емес. Қалаға көп қаржы бөлінеді, оны жаңарту қажет. Өздеріңіз көріп отырсыздар, қазір құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Оны заманауи қала етуіміз керек, – деді Ташиев 11 қазанда Манас қаласындағы мектеп директорларымен кездесуде.