Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Махмұд Сабырхан мен Хасанбой Дусматов жекпе-жек өткізетін болды

15:08, 12 қазан 2025 183

Қазақтың жас жұлдызы Махмұд Сабырхан мен Өзбекстанның аты аңызға айналған боксшысы, Олимпиаданың екі дүркін чемпионы Хасанбой Дусматов арасындағы ықтимал жекпе-жек туралы жаңалық жанкүйерлердің назарын аударды. Бұл туралы Махмұдтың жеке бапкері Ілияс Оралбеков айтты, деп жазады Alash.kz.

– Екі боксшы арасындағы кездесу өту мүмкін бе?
– Иә, әбден мүмкін. Біз Дусматовтың 55 келі салмақ дәрежесіне ауысатынын болжаудамыз. Егер солай болса, бұл өте қызықты және тартысты жекпе-жек болмақ.

– Боксшылардың физикалық тұрғыдан айырмашылығы бар ма?
– Негізі екеуінің бойы мен дене бітімі шамалас. Тек Махмұд жас әрі жылдам. Ал Дусматов – оңай қарсылас емес. Ол екі дүркін Олимпиада чемпионы, "Баркер кубогының" иегері және әлем чемпионы атанған тәжірибелі боксшы.

– Егер жекпе-жек өтсе, жеңіс кімдікі болуы мүмкін?
– Бұл жерде жас айырмашылығы шешуші рөл ойнамайды. Махмұдтың басты артықшылығы –оның жылдамдығы мен соққысының көптігі. Ол әртүрлі комбинацияларды қолдана алады: жоғарыдан да, төменнен де, қапталдан да ұрады. Қажет болса, қорғаныста да, шабуылда да әрекет ете алады. Егер сабыр сақтап, өз боксын толық көрсете алса – жеңіс біз жақта болады деп сенемін.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар