АҚШ президенті Дональд Трамп Газа секторындағы соғыс аяқталғанын мәлімдеді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
«Бізде көптеген ауызша кепілдіктер бар. Мен олардың орындалатынына сенемін. Олар мені ренжіткісі келмейді деп ойлаймын», - деді Трамп.
Бұған дейін Трамп Газа секторындағы Израиль мен ХАМАС арасындағы қарулы қақтығыс аяқталғанын мәлімдеген еді. АҚШ президентінің айтуынша, Газаға жаңа әкімшілік келіп, өз міндеттерін өте қысқа мерзім ішінде атқара бастайды. Сондай-ақ Трамп бұл өңірге жеке өзі барғысы келетінін айтқан болатын.
Ал Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху бұған дейін Израиль «үлкен жетістіктерге қол жеткізгенін», бірақ «операцияның әлі аяқталмағанын» айтқан еді.
«Бізді алда қауіпсіздік саласындағы көптеген сынақтар күтіп тұр. Кейбір жауларымыз қайта шабуыл жасау үшін күш жинауға тырысуда. Біз мұны бақылауда ұстаймыз», - деді Нетаньяху.