Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Үндістанға қалай жауап берсек, Ауғанстанға да жойқын соққы жасаймыз…” - Пәкістан тарапы қатаң ескерту жасады (ФОТО)

13:22, 12 қазан 2025 1067

Ауғанстан мен Пәкістан шекарасында жағдай ушығып барады. Тараптар бір-біріне қатаң ескерту жасады, деп хабарлайды Alash.kz.

Соғысты бастаған Талибан қозғалысы желіде өз іс-қимылдары туралы жазды.

Ұйым өкілдерінің айтуынша, шекара бойында жүргізілген әскери қимылдар кезінде бірқатар нысан талқандалған.

Пәкістанға қарсы операцияны сәтті аяқтадық”, — деп мәлімдеді. 

Бұл мәлімдемеге Пәкістан Қорғаныс министрлігі кешікпей қатаң жауап қатты.

Үндістанға қалай жауап бердік, Ауғанстанға жауабымыз да сондай жойқын болады. Тәлібтер енді Пәкістанға қарап қару көтере алмайтындай етеміз”, — деді министрлік өкілі.

Екі ел арасындағы қақтығыс Дюранд сызығы бойында болғаны хабарланды. Бұл шекараны Кабул ресми түрде мойындамайды.

Қазір шекара маңында атыс пен артиллериялық соққылар туралы мәліметтер көбейіп жатыр. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар