Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Қазақ тілі – бүкіл түркі мемлекеттерінің тілі” - Қазақша еркін сөйлеген түрік саясаткері елді таңғалдырды (ВИДЕО)

12:33, 12 қазан 2025 218

Түркі мемлекеттері ұйымының байланыс басшысы Куршат Зорлу қазақ тілінде еркін сөйлеп, бауырлас халықтарға деген шынайы құрметін білдірді, деп хабарлайды Alash.kz.
Түрік саясаткерінің бұл сөзі әлеуметтік желіде кеңінен таралып, қазақстандықтар тарапынан жылы қабылданды.

Зорлу өз сөзінде:

“Қазақ тілі – бүкіл түркі мемлекеттерінің тілі. 
Қазақ тілі – біздің тамырымызда, тарихымызда бірге болған тіліміз. 2000 жыл бұрын біз бір тілде сөйледік. Біздің тамырымыз бір.

Мен ойлаймын, егер біз көп жұмыстарды бірге атқарсақ, бүкіл әлем бізбен санасатын болады. Күшті боламыз”, – деді.

Саясаткердің қазақ тілінде сөйлеуі мен түркі халықтарының бірлігі жайлы айтқан пікірі - ортақ мәдени мұра мен тарихи байланысқа деген құрметтің айқын көрінісі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар