Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президенті Дональд Трамппен телефон арқылы тағы да сөйлесті. Бұл туралы ол өз Telegram арнасында хабарлап, әңгімені "өте нәтижелі" деп сипаттады, деп Alash.kz ұлттық порталы РИА Новости басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
"Кеше белгілі бір тақырыптар бойынша келісіп едік, бүгін сол бағыттардың бәрін талқыладық. Елдегі бейбіт өмірді қорғау, әуе қорғанысын күшейту, төзімділікті арттыру және алыстан соққы жасау мүмкіндігін жетілдіру жайында сөйлестік", – деді Зеленский.
Украина басшысы сондай-ақ энергетика саласына қатысты көптеген маңызды мәселелер көтерілгенін атап өтті. Оның айтуынша, Трамп "Украинадағы жағдайдың бәрінен жақсы хабардар".
Бұл екі президенттің екі күн ішінде өткізген екінші телефон әңгімесі. Бұған дейінгі хабарда Зеленский Трампқа украин энергетикасына жасалған шабуылдар туралы баяндап, АҚШ-тың әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін (ПВО) нығайтуға көмектесуге дайын екенін атап өткен.