Танымал актер Рүстем Жаныаманов ұлының қазасынан кейін әлеуметтік желідегі парақшасында алғаш рет жан сырын бөлісті, деп хабарлайды Alash.kz.
Еске сала кетейік, былтыр өнер иесінің тұңғыш ұлы өмірден озған еді. Ауыр қайғыны бастан өткерген актер содан бері ұзақ уақыт бойы көпшілік ортасына шықпай, сахна мен экраннан алыстап кеткен болатын.
Жақында өнер иесі өзінің жеке парақшасында ойлы жыр жолдарын жариялап, оқырмандарымен бөлісті:
«Дүниенің ағын да, қарасын да, Мыңқ етпейсің, қабылдап аласың да…», — деп жазды Рүстем Жаныаманов.
Көпшілік актердің бұл жазбасын ауыр сынақтан кейін ес жиып, қайта еңсе тіктеуі деп қабылдады. Оқырмандар өнер иесі мен оның жұбайы Жанаргүлге демеу болып, пікірлер бөлімінде жылы лебіздерін қалдыруда.