Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Кәмелетке толмаған қызды топ болып зорлаған: Қарағанды облысында бес жасөспірім сотталды

15:04, 12 қараша 2026

Қарағанды облысында кәмелетке толмаған қыздың дәрменсіз жағдайын пайдаланып, оны зорлаған бес жасөспірімге сот үкімі шықты. Олардың әрқайсы рақымшылық заңына байланысты 5 жыл 7 ай 15 күнге бас бостандығынан айрылды, деп жазады Alash.KZ. 

Оқиға 2025 жылғы 14 ақпанда болған. Сол күні кәмелетке толмаған екі қыз күзетшілерге жасын басқаша айтып, «Инфинити» караоке-клубына кірген. Олар мекемеде үш сағаттан астам уақыт ішімдік ішкен.

Қатты мас болған қыздар үйіне қайтуға қорқып, таныстарының ұсынысымен бес жасөспірім тұратын пәтерге барған. Сот материалдарына сәйкес, сол жерде сотталушылардың бірі жәбірленушіге химиялық заттың буын иіскеткен. Кейін бес жасөспірім оның дәрменсіз күйін пайдаланып, зорлаған.

Сот бастапқыда әрқайсысына 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған. Алайда 2025 жылғы рақымшылық туралы заңға сәйкес жаза мерзімі қысқартылып, 5 жыл 7 ай 15 күн болып белгіленді.

Бұдан бөлек, сотталушылар екі жыл бойы педагогикалық қызметпен айналысу құқығынан айрылды.

Жәбірленуші 100 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы талап еткен. Сот оның талабын ішінара қанағаттандырып, бес сотталушыдан ортақ тәртіппен 10 миллион теңге өндіріп алу туралы шешім шығарды.

Сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар