Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

ҰҚК «Самұрық-Қазына» мен «ҚТЖ» басшыларын ұстады

13:10, 12 қараша 2026

2026 жылғы 11 қарашада ҚР ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты, «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ерлан Орыншиевті және өзге де адамдарды ұстады. Олар сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінді, деп жазады Alash.kz.

Куәгерлердің хабарлауынша, Астанадағы «Атлант» тұрғын үй кешенінің маңында біреу терезеден ішінде долларға ұқсас купюралар бар шабаданды лақтырып жіберген.

Бұл оқиғаның Жақыпов пен Орыншиевтің ісіне қатысы бар-жоғы ресми түрде расталған жоқ.

Қазір істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы туралы өзге ақпарат жария етілмейді.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау және «Заң мен тәртіп» қағидатын сақтау аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс жалғасып жатыр.

Жақыпов пен Орыншиев кім?

Нұрлан Жақыпов «Самұрық-Қазына» қорын 2023 жылғы сәуірден бері басқарып келеді. Оған дейін Қазақстанның инвестициялық даму қорының (KIDF) басқарушы компаниясын басқарған. Ал одан бұрын Rothschild & Co инвестициялық банкінің Қазақстандағы өкілі болған.

Жақыпов «ҚазМұнайГаз» бен Air Astana директорлар кеңесін де басқарады.

Елжас Орыншиев «Қазақстан темір жолы» компаниясын 2026 жылғы шілдеден бері басқарып келеді. Бұған дейін «Самұрық-Қазына» қорының стратегия және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарған.

Орыншиев Жақыповпен бірге қорға келген жалғыз топ-менеджер болған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар